Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+21°C
Ясно
Источник погодных данных: Ауа райы
04:19:46Пятница

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жанжал шығармақ болған азамат ұсталды

Өткен демалыс күндері Петропавлдағы Әуезов көшесінде орналасқан полицияның стационарлық бекетінің маңында облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Ішімдік ішіп алған сезікті осы маңнан өтіп бара жатқан адамдардың біріне балағат сөздер айтып, төбелес шығармақшы  болған. Тәртіп сақшылары оны стационарлық бекетке жеткізді. Бірақ ер адам өзін агрессивті ұстап, полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындаудан бас тартты.

Салдарынан полицейлер оған қарсы арнайы құралдарды қолдануға мәжбүр болған.

Қала тұрғынына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, процестік шешім қабылдау үшін іс сот органдарына жіберілді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *