Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Туған ауылын түлеткен азамат: Солтүстікқазақстандық шаруа Біржан Шәймерденов оқушыларға жаңа мектеп салып берді

Ауылына қарап, азаматын таны. Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Дайындық ауылының түтіні түзу, тұрмысы оңтайлы. Халықтың бәрі еңбекпен қамтылған. Жылда аталған елді мекенде жаңадан әлеуметтік нысан салынады. Нәтижесіенде мұнда көшіп келгісі келетін жандардың қатары артқан. Мұндағы игі жобалар еңбектің көзін тапқан Біржан Шәймерденовтың жетекшілігімен жүзеге асады, деп хабарлайды тілшіміз.

Садықовтар әулеті жуырда ғана Қызылорда облысынан көшіп келді. Көпбалалы отбасы Дайындық ауылына жайғасты. Себебі мұнда тұрақты жұмыс бар. Әрі жайлы өмір сүруге барлық жағдай жасалған.

«Келгенімізге бір айдай ғана уақыт болды. Жұмыс берді, үй берді. Бала-шағамызды мектепке,  балабақшаға орналасты. Үлкен қызым ауылдағы асханаға аспаз болып жұмысқа кірді. Өзім, сәтін салса шағын маркет ашылып жатыр. Сонда  сатушы болайын деп жатырмын.  Ертең фитнес, бильярд, шаштараз ашылады. Елді мекенде мешіт бар. Балалар ойнайтын саябақ бар. Қысқа өзіме қатты ұнадые», -дейді Дайындық ауылының тұрғыны Ләззәт Садықова. 

Ауылдағы бала саны күрт артқан соң, биыл жаңадан мектеп салынды. Құны 85 миллион теңге болатын білім ошағы үш айда бой көтерді. Оны кәнігі кәсіпкер, осы ауылдың тумасы  Біржан Шәймерденов өз қаражатына тұрғызды. Қазір мұнда тек бастауыш сынып оқушылары оқиды. Ал, жоғары сыныптағылар, басқа ғимаратта білім алады.

 «Бұрын екі ауысымда оқитын едік. Балаларға үйірме өткізу тіптен қиын болатын. Сондықтан ауыл тұрғындарымен бірге мәселені Біржан ағамызға жеткіздік. Осылайша негізгі мектебімізге бірнеше кабинет қосып беруін сұрадық. Бірақ ол кісі бөлек корпус салып берді. Бірінші қыркүйек балалар жаңа мектеп табалдырығын аттады. Асханасы бөлек. Жоғары сыныптың оқушыларымен кездеспейді. Іші жарық әрі жылы. Қазір білім ошағына қажетті қондрығылар әкелініп жатыр. Жаңа мектеп үшін үлкен алғысымызды білдіреміз», — дейді Дайындық негізгі мектебінің директоры Талғат Рамазанов.  

Дайындық -өңірдегі үлгілі ауылдардың бірі. Ауызбіршілігі мығым, тірлігі келісті. Көшеде бос жүрген адамды байқамайсыз. Тұрғындардың жартысы мал фермасында, қалғаны орақ науқанында еңбек етеді. Қазір олар үшін маңызды науқан күзгі жиын -терім басталды.

«Биылғы орақ басқа жылдарға қарағанда өте қиынға соқты. Екі аптадай уақыт тұрып қалдық. Жауынның салдарынан жұмыс істей алмай қалдық. Әйтеуір ауа-райы тұқарқталып, шаруға кірістік. Астық шығымдылығы да жаман емес. Кейбір алқаптардан гектарынан 27 центнерден алып жатырмыз», — дейді агроном Азамат Сағындықов. 

Еңбектің көзін тапқан Біржан Шәймерденов -халықты ортақ іске жұмылдыра білді. Бастысы ол тапқан таянғанын қалтаға баспай,  туған жердің гүлденуіне жұмсайды. Биылдың өзінде ауылда 12 баспана салынды. Ал олар, тұрғындарға тегін үлестірілді. Бұл бастама келер жылы да жалғасын табады.

«Абай: Еңбек қылда, мал тап деген. Қазір біздің ауылда юос жүрген адам жоқ. Барлығы еңбекпен қамтылған. Кқшіп келгісі келетіндердің де қатары уақыт қткен сайын артып отыр. Биыл  137 отбасыдан өтініш түсті. Соның арасынан он екі жанұяны іріктеп алдық. Оңтүстік өңірлерден ғана емес, Моңғолия елінен келгендер де бар. Барлығын жұмысқа орналастырдық», — дейді Біржан Шәймерденов.

Тағы бір тың жоба, ауылда май зауыты салынып жатыр. Ол жуырда іске қосылады. Бұл дегеніміз келешекте бірнеше адам тұрақты жұмыспен қамтылады деген сөз.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *