Жарияланған күні: 04.10.2023
Прокурорлар мұғалімдердің еңбек құқықтарын қалпына келтірді
СҚО прокурорлары еңбек қатынастары саласындағы талдау жүргізу кезінде қызметкерлердің құқықтарына нұқсан келтіру фактілерін анықтады, деп хабарлайды тілшіміз.
Тайынша аудандық білім бөлімінің лауазымды адамдары ҚР Білім және ғылым вице-министрі бекіткен Еңбек кодексінің және әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің талаптарын бұзған. Олар қызметкерлеге 33 емес, 30 күн көлемінде ақылы еңбек демалыс беріпті. Прокурорлар аудандық білім бөлімінің тұлғаларын жауапкершілікке тартты. 94 қызметкерге қосымша 3 күн көлемінде демалыс қосылды. Сондай-ақ, 945 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат есептелді. Қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуы – прокуратура органдарының бақылауында.