Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО –да кәсіпкерлерге 320 млн теңгеден астам қаржы қайтарылады

СҚО кәсіпкерлердің құқығы қорғалды. Оларға  320 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылады, деп хабарлайды тілшіміз.

Прокурорлар табиғатты пайдаланушылар экологиялық алымның жойылғанын білмей, төлем жасай бергенін анықтады.

«2022-2023 жылдары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 574-бабын бұза отырып, облыстың 8 мыңнан астам табиғат пайдаланушысы қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін жалпы сомасы 321,4 млн.теңге төлем төлеген, ал іс жүзінде олар осы төлемдерден босатылған», — дегілген облысық прокуратура таратқан хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыстың Мемлекеттік кірістер департаменті берілген өтініштер негізінде субъектілерге 11,8 млн теңгені қайтаруды қамтамасыз етті, қалған сома бойынша жұмыс жалғасуда.

Мұндай фактілерді болдырмау мақсатында фискалдық орган салық төлеушілермен құқықтық түсіндіру іс-шараларын жүргізді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *