Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да жыл басынан бері 450 өрт оқиғасы тіркелді

Облыста жыл басынан бері 450 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 23 адам қаза тауып, 19 адам жарақат алды, деп хабарлайды тілшіміз.

Келген материалдық шығын 424 млн теңгеден асады. Сондай-ақ, 27 адамға иіс тиіп, 9-ы көз жұмған. Негізгі көрсеткіштер бойынша өрт саны өңірде биыл 14%-ға, ал одан болатын адам өлімі 30%-ға азайған. Қазір еліміздің қалаларында негізінен көпқабатты үйлер бой көтеруде. Онда тұратын тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселе болып отыр. Барлық нысан өрт дабылы жүйесімен жабдықталуы керек дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин. 

«Облыста биіктігі 28 метрден асатын 32 көпқабатты үй бар. Бұл үйлер белгілі бір критерий бойынша тәуекелі жоғары нысандарға жатады. Тұрғын үйлердің кіреберісі көлікке толып тұрады. Бұған талай рет көз жеткіздік. Өрт болған жерді айналып басқа жағынан шығайын десек ол жағынан да өтетін орын болмайды. Салдарынан оқиға орнына жақындау үшін біраз уақыт кетеді», — дейді облыстық ТЖД бастағының орынбасары Дмитрий Растихин.

 

Облыста жыл басынан бері көпқабатты үйлерде 12 өрт оқиғасы болған. Оқыс оқиға кезінже 4 адам зардап шекті.

«Жуырда Жуков көшесіндегі 6 қабатты үйдің жоғарғы қабатында өрт болды. Пәтердің ішінде 14 жасар бала жалғыз өзі қалған. Ол өрт сөндірушілер арқасында аман қалды. Электр желісінен ақау шығып, тұрмыстық заттар өртеніп кетті», — деді  Дмитрий Растихин.

 Солтүстікқазақстандық өрт сөндірушілер көпқабатты тұрғын үйде бас көтерген тілсіз жауды сөндіру әдістерін пысықтау мақсатымен биыл 24 оқу-жаттығу өткізген. Сондай-ақ, 15 профилактикалық тексеріс жүргізіп, өрт қауіпсіздігі туралы мыңнан астам адаммен әңгімелескен.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *