Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 14 ауылдың тұрғындары сүттің ақысын ала алмай жүр

Солтүстік Қазақстан облысында жаз бойы сиыр сауып,  ақ тапсырған 14 ауылдың тұрғындары ақысын ала алмай, дауласып жүр. Көпшіліктің айтуынша «Экомол» серіктестігінің берешегі 150 млн теңгеден асып кеткен, деп хабарлайды тілшіміз.

Мамлют ауданына қарасты Покровка ауылында 300-ден астам үй түтін түтетіп отыр. Халықтың негізгі табыс көзі – мал. Көпшілік маусым айынан бері маңдай термен тапқан ақшасын даулаумен келеді. Солардың бірі -Пернебек Қожамұратов. Бірер жыл бұрын  баспанасын кепілге қойып, несие рәсімдеп, бірнеше сауынды сиыр сатып алған. Азамат бүгінде банк алдындағы берешегін өтеу қиындап бара жатқанын айтады. Оның үстіен әлі күнге дейін ірі қараларға жем-шөп ала алмай отыр.

«Басты проблема – малдың азығы. 2 миллион зият керек қой. 20 тоннаға жуық жем аламын, оны мен жазға дейін жеткізуім қажет.  Ерте көктемде далада бәрібір шөп болмайды, оған жем бермесең, сүт болмайды»,— дейді ауыл түрғыны Пернебек Қожамұратов

Ауылда 8 табын қара мал бар. Тұрғындардың басым көпшілігі сүтті ауыл шаруашылығы кооперативіне тапсырады. Жергілікті кәсіпкер шикізатты облыс орталығындағы «Экомол» серіктестініге жеткізеді.

«3 миллионға шот-фактура қойсақ, соның 20 пайызын береді, 10 пайызын береді. Қазіргі кезде 50 мен 60 миллион теңгенің  арасында қарыз болып қалды. Халық  қатты қиналып кетті. Сүттің ақшасын бізден сұрайды, біз олардан сұраймыз. Күнде ертең дейді», – деп отыр кәсіпкер Нұрхан Бакеев.

Сол «ертең» 4 айдан бері жалғасып келеді. Сүт зауытының басшылығы дайын өнімді өткізе алмай отыр. Жауаптылардың айтуынша 100 тонна өнімді қайда жіберерін білмей дал.

«Ресейден арзан, сапасы төмен сүт өнімдері келіп жатыр. Біз бәсекеге төтеп бере алмай қалдық. Қарыз жиналып қалғанын мойындаймын. Тауарды өткізген сәтте берешекті қайтарамын. Бірақ нақты қай күні екенін айта алмаймын», деді сүт зауыты директорының орынбасары Бахыт Рашитов.

 Серіктестік өндіріс көлемін екі есе азайтуға мәжбүр болған. Ал ауыл тұрғындары қарыз жуық арада қайтарылмаса, қорадағы бар малды ет комбинаттарына өткізуге мәжбүр боламыз деп отыр.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *