Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Еліміздің солтүстігінде ет, сүт, жұмыртқа өндірісі азайды

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару көрсеткіші төмендеген. Атап айтқанда ет, сүт, жұмыртқа өндірісі айтарлықтай азайды. Бұл туралы өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтың жетекшілігімен өткен кезекті жиында айтылды, деп хабарлайды тілшіміз.

Мал шаруашылығы саласы дамығанымен, шығарылатын өнім түрлері 15,9% азайған. Мысалы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында биыл ет 26,6 пайызға немесе 197 тоннаға аз өндірілген. Бұл тізімде Мағжан Жұмабаев ауданы да бар. Олар етті 75 тоннаға, ал Мамлют ауданы 27 тоннаға аз берген. Бұл ретті облыс әкімі аудан басшыларына жағдайды қалыпқа келтіруді тапсырды. 

«Мемлекеттік жерді пайдалана отыра, ет өнімін төмендетуге жол бермеу керек. 2-3 кәсіпорынның шалағай жұмысы, бар ауданның көрсеткішін төмендетіп отыр», – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Ал сүт өнімдерін шығаруда көрсеткіштер жаман емес. Дегенмен Шал ақын ауданында шаруа ақсап тұр. Тіпті, Сергеевка қаласындағы май зауытында өндіріс 1236 тоннаға дейін  азайған. Аудан әкімі Рахат Смағұлов, оны сүт тауарлы ферманың жоқтығымен байланыстырды. Өз кезегінде облыс басшысы мұндай сылтау іздеудің керегі жоқ екендігін жеткізді.

«Ауыл аманаты, несиелер бар, жеке қосалқы шаруашылықтар бар соларды пайдалану керек. Әсіресе, жеке шаруашылқытарға мән берген жөн. Сіздерде жақсы шаруашылықтар бар. Инвестиция да құйылған. Мемлекетттік қолдауды жан-жақты пайдалану керек. Мал шаруашылығын дамыту маңызды. Ауыл азамттарын қолдау қажет», – деп тапсырды өңір жетекшісі.

Ал жұмыртқа өндірісіне келсек, өткен жылғы көрсеткішке әлі жете алмай келеміз. Қызылжар, Тайынша аудандарында жұмыртқа өндірісі төмендеген. Қызылжар ауданындағы «Якорь құс фабрикасы», «Алекри», «Адель құс» ЖШС-і сатып алған құстардың 185 800-і жарамсыз болып шыққан. Ғауез Нұрмұхамбетов аудан әкімдеріне сөзден іске көшуді, ауыл шаруашылығы басқармасына жағдайды реттеуді тапсырды.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *