Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Солтүстікқазақстандық блогер Елена Басырева желіде әйгілі актер Ван Даммен тілдесті

Елімізде мүмкіндігі шектеулі болғанымен, жұмысқа деген құлшынысы шексіз жандар көп. Солардың бірі – солтүстікқазақстандық Елена Басырева. Ол- екінші топтағы мүгедек. Жақында мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, енді кәсібін дөңгелетпек. Мұнымен қоса, ол әлеуметтік желінің жұлдызы. «Тик Ток» желісіне өзі туралы түрі бейнероликтар жүктеп, танымал болды, деп хабарлайды тілшіміз.  

Солтүстік Қазақстандық Елена Басырева екінші топтағы мүгедек. Аяғына балтыр бітпегендіктен бойы бір метрден аспайды. Мүмкіндігі шектеулі болса да, ел қатарлы еңбек етеді. «Бастысы ешкімге масыл емеспін»,- дейді ол.

«Құрсақта жатқан кезімде аяғым өспей қалыпты.  Артынша солай туылдым. Операция жасауға болатын еді. Бірақ, өзім қаламадым. Қазір маған ең қиыны киім табу. Әркез шалбардың балағын өзіме сай етіп кесіп, тігіп аламын» , — дейді Дубровное ауылының тұрғыны Елена Басырева.

Еленаның салмағы небәрі 34 келі. Өзі спортпен шұғылданғанды жақсы көреді. Бүгінде шағын ғана ауылда тұратын ол ойламаған жерден әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Қазір «Тик Ток» желісінде оның 82 мыңнан астам оқырманы бар. Жүктеген бейнежазбалары қызықты болғандықтан, көптің көңілінен шығады. Сондықтан жариялаған роликтері аз ғана уақытта желіде желдей есіп, миллиондаған адамға ұнаған.

«Тамыз айында тікелей эфирде отырған едім. Сол кезде  эфирге әйгілі актер Ван Дамм қосылды. Желі қолданушылары оны бірден танып қалды. Жазылған пікірлерді оқып, абдырап қалғаным рас. Ол ағылшынша, мен орысша сөйлестім. Бірақ бір-бірімізді түсіне алмадық» , — дейді Елена Басырева. 

43 жастағы Елена екі баланың анасы. Тұңғышы қалада, екіншісі әлі мектепке  оқиды. Оларды қатарынан қалдырмау үшін енді жеке кәсіппен айналыспақ.

«Арнайы курстан өтіп, бизнес жоспарымды сәтті қорғадым. 1 миллион 300 мың теңгенің қайтарымсыз грантын жеңіп алдым. Енді жылыжай бизнесімен айланысамын.  Сәтін салса, көктемде өз кәсібімді бастаймын», — деді ол. 

Биыл Елена армрестлингтен өткен облыстық сайыста екінші орын алған. Ендігі арманы жеңіл атлетикамен кәсіби түрде айланысу. Осылайша, жігері жығылмаған жанның өмірге деген  құлшынысы көпке үлгі.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *