СҚО әкімі Омбы облысының губернаторымен кездесті
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қостанайда өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты. Форум алаңында өңір басшысы Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкомен жүздесті, деп хабарлайды тілшіміз.
Кездесуде екі өңір арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ Ғауез Нұрмұхамбетов «Хлебпром» компаниясының бас директоры Ярослав Шадырямен өткізген кездесуде «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында инвестжобаны жүзеге асыру әңгіме арқауына айналды.
«Бұл форум екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға, серіктестік пен іскерлік байланыстарды нығайтуға қосымша серпін бермек және өңіраралық ынтымақтастықтың жаңа перспективалы бағыттарын дамытуды қамтамасыз етеді», — деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.