СҚО-да 75 адам қызылша жұқтырған
Солтүстік Қазақстан облысында қызылша жұқтырғандардың саны 75-ке жетті. Бүгінгі күні өңірде 48 адам ауруханада ем алып жатыр, деп хабарлайды тілшіміз.
Жағдайы ауыр науқастар жоқ. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтылды.
Жұқпаға көбіне Петропавл қаласының тұрғындары шалдыққан. 68 адам. Оның ішінде Ұлттық ұлан әскери институттының курсанттары көп. Онда 29 адамның қызылша жұқтырғаны расталды.
«Қызылшаның расталған жағдайларының ішінде Біріккен Араб Әмірліктерінен, Ресей Федерациясынан және Қырғызстан Республикасынан әкелінген 3 жағдай тіркелді. Ауру жұқтырғандардың 65% – ы 15 жастан асқан адамдар. Дертке шалдыққандарджың 79 пайызы екпе алмағандар», – деді Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.
Облыста қызылшаға қарсы 3540 балаға акцина салынды. Оның ішінде 6 айдан 11 айға дейін – 1103 бала, 2 жастан 4 жасқа дейін – 2077 бала бар. Сондай-ақ 86 медицина қызметкері вакцина алды.
«Өңірде қызылша жқтырған науқастарға арналған 181 жатын орын бар. Аудандағы ауруханадарда да орындар ашылды. Өткен тәулікте ауруханаға 3 науқас қызылшамен жатқызылды. Оның екеуі бала. Амбулаторлық түрде 14 науқас ем алып жатыр», – деп толықтырды СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов.