Петропавлда көктайғақ салдарынан жарақат алғандар көбейді
Петропавлда көктайғақ салдарынан жарақат алғандардың саны күрт көбейді, деп хабарлайды тілшіміз.
Мәселен шаhарда соңғы он күнде 430 азамат медициналық көмекке жүгінген. Науқастардың дені егде жастағылар. Бүгінде қалалық көпбейінді аурухананың жарақат бөліміндегі мамандар жағдай қиындады деп дабыл қағуда. Тек өткен демалыс күндері мұндағы дәрігерлер 120-дан астам адамды қабылдаған. Ал оның 56 аяқ-қолын сындырып алған. Жалпы өңірде жауын-шашын жауып, тұрақсыз ауа-райы сақталуда. Салдарынан жаяу жүргіншілер жолымен аялдама маңы көк мұзға айналды. Ал коммуналдық қызметтер болса, күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Олар қысқа деп 2,5 мың текше метрден астам құм-тұз қоспасын дайындаған.
«Бір айда 720 адам көшеде құлап жарақат алды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Демалыс күндері көмекке жүгінген науқастардың 17-і ауруханаға жатқызылды. Оларға операция жасалды. Сондықтан дәрігерлер далада асықпай, айбай болу керектігін ескертеді», — деді қалалық көпбейінді аурухананың баспасөз хатшысы Екатерина Белоусова.