Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Солтүстік Қазақстан облысы елімізде ауыл шаруашылығына инвестиция тартудан көш бастап тұр

Солтүстік Қазақстан облысы елімізде ауыл шаруашылығына инвестиция тартудан көш бастап келеді. Биыл күзгі жиын-терімде өңір шаруалары қамбаға 3,7 миллион тоннадан астам астық құйды. Бұл жайында өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов Астана қаласындағы  орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды тілшіміз. 

Биыл күз диқандар үшін оңай болмағаны мәлім. Дегенмен соған қарамай астық берекелігі гектарынан -11,1 центнерден айналды.

Облыс әкімі соңғы 10 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді жіпке тізді. Майлы дақылдардың орташа өнімділгі гектарынан 6,7 центнерді құрады. Сондай-ақ биыл өңірде мал шаруашылығы саласы айтарлықтай жанданды. Нәтижесінде ет өндірісі көлемі 2%, сүт өндірісі 3,4% өсіп, 600 миллион жұмыртқа өндірілді.

«Облыста жылына 647,8 мың тонна сүт өндіріледі, бұл республикалық көлемнің 10 пайызын құрайды. Біздің басты мақсатымыздың бірі – еңбек өнімділігін ұлғайту және ауыл шаруашылығын жаңғырту. Бұл үшін инвестиция тарту маңызды. Республика бойынша біздің өңір ауыл шаруашылығына ең көп инвестиция тартқан аймақ болып саналады. Биыл теріскейге 152,8 миллиард теңге қаражат құйылды. Сондай-ақ Президенттің ет, сүт және астықты терең өңдеу, жылыжай салу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін облыста инвестиция көлемі 80 миллиард теңгеден асатын 27 жоба іске асуда. Оның ішінде құс фабрикалары, қой фермалары, көкөніс қоймасы, жылыжайлар бар. Осының арқасында өңір халқы 100 пайыз құс етімен қамтамасыз етіледі, қосымша сүт өндірісі ұлғаяды», — деді аймақ жетікшісі Ғауез Торсанұлы.

Бүгінде аймақтағы «EMC-Агро» ЖШС шошқа кешенін 200 мың басқа дейін кеңейтіп жатыр.  Мұнда ет өндіру көлемі 10,5 мыңнан 20 мың тоннаға дейін ұлғаяды. Инвестиция сомасы – 20 миллиар. теңге. Болашақта қосымша  180 жаңа жұмыс орны ашылады.

«Облыста астықты терең өңдейтін «Биооперейшн» зауыты жұмыс істейді. Кәсіпорын глютен, бидай крахмалын, биоэтанол өндіреді. Шикізатты қайта өңдеу қуаты – жылына 237 мың тонна, инвестиция сомасы – 14 миллиард теңгені құрайды. Өңірде «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жеңілдетілген несие беріліп, үлкен жобалар жүзеге асуда. Қазір облыс бойынша 12 мың басқа арналған 13 сүт фермасы салынуда. Оның алтауы жыл соңына дейін ашылады», – деді  облыс әкімі.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *