Жарияланған күні: 04.12.2023
СҚО-да халық саны онға жетпейтін ауылдар бар
Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 50 адам тұратын 125 ауыл, 10 адам тұратын 39 ауыл бар. Бұл туралы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды тілшіміз.
Өңір басшысы «болашағы жоқ» ауылдарды жабу мәселесін біртіндеп шешу керек деген пікірде.
«Әрине, ауылдарды жабуға қатысты мәселе өзекті. Әкімшілік-аумақтық бөлініске, заңға, ережеге сәйкес келмейтін көптеген ауыл бар. Бүгінде 635 елді мекеннің ішінде 50 адам тұратын 125 ауыл, 10 адам тұратын 39 ауыл тіркелген. Бүгінде ауылдарды жабуға қатысты мәселе барын мойындаймыз. Бірақ оған өте мұқият қараған жөн», — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.