СҚО-да полиция қызметкерлеріне шабуыл жасағандар бас бостандықтарынан айырылды
Еліміздің солтүстігінде полиция қызметкерлеріне шабуыл жасағандар бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлайды тілшіміз.
Өмір мен денсаулыққа қауіпті болмаса да билік өкілдеріне қатысты күш қолдану үшін ауыр қылмыстық жауапкершілік көзделген. Мәселен қазіргі уақытта Мамлют ауданының орталығы Мамлютка қаласының үш тұрғыны бас бостандығынан айырлды. Қазір олар жазасын өтеп жатыр. Биылғы жылдың наурыз айында мамлюттік үш тұрғын көппәтерлі үйдің ауласында спирттік ішімдік ішкен. Оларды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген екі учаскелік инспектор байқап қалады. Тәртіп сақшылары ер адамдардың бұл әрекеттері әкімшілік құқық бұзушылық екенін айтып ескерту жасаған. Олар полицейлердің ескертуін елемей жұдырық ала жүгірген. Учаскелік полиция инспекторларының бірі ескерту жасап, табельдік пневматикалық қарудан аспанға оқ атуға мәжбүр болды. Тек осыдан кейін ғана бойларында алкоголь бар құқық бұзушылар тынышталды.
«Аталған факті бойынша 21, 28 және 39 жастағы үш күдікті ұсталды. Тергеу жұмыстары және соттың қарауы жарты жылға созылды. Қыркүйек айында оларға үкім шықты. Кінәлілердің үлкені 3 жыл 6 айға, қалған екеуі 3 жылға сотталды. Тәжірибе көрсеткендей, билік өкіліне қатысты күш қолданудың әр дерегі спирттік ішімдік ішу салдарынан жасалады. Азаматтардан осындай құқық бұзушылықтар үшін заңмен көзделетін жауапкершілік туралы ұмытпауларын сұраймыз», — деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Петр Климов.