СҚО-да өткен түнде қалың қар түсті
Солтүстік Қазақстан облысында өткен түнде қардың он күндік мөлшері жауды. Салдарынын халық таңертең жұмысына кешікті. Ал өңірдің коммуналдық қызметі жолдарды ақ ұлпадан тазалап үлгере алмай жатыр. Қазір бұл жұмыстарға 200 техника және 300-ге тарта адам жұмылдырылған, деп хабарлайды тілшіміз.
Қалың қардың салдарынан көшелерде көлік қозғалысы қиындап, жұрт діттеген жеріне уақытылы жете алмады. Ал жергілікті тұрғындар болса, қардың түскеніне риза.
«Бұл қарды көп күттік. Қыс болған соң, ақ ұлпаның мол болғаны жақсы емес пе ? Қазір яяқ алып жүру қиындап кетті. Мұндай қар түседі деп ешкім ойламаған болар. Сондықтан уақытылы тазалап үлгермей жатыр»,- деді қала тұрғыны
Қала тазалығына жауапты қызметкерлер үшін қауырт жұмыс басталды. Олар әзір орталық көшелерді ретке келтіріп жатыр. Әкімдіктегі мамандардың айтуынша көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдарын ақ ұлпадан тазалауға барлық күш жұмсалуда. Олар күшейтілген жұмыс кестесіне кқшті. Аталған шаруларға 200 техника және 300-ге жуық адам жұмылдырылған.
«Қала бізде тоғыз маршрутқа бөлінген. Соған сәйкес жұмыстардың барлығы атқарылады. Бірінші кезекте бізде қала бойынша орталық көшелер, әлеуметтік нысандардың маңындағы қарлар шығарылады. Одан кейін кезек бойынша басқа көшелерден де шығарылатын болады», — деді Петропавл қаласы әкінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.
Жалпы өткен түнде шаhарда жауын –шашынның он күндік мөлшері жауды. Ал, екі күннен соң аязды күндер басталады.
«7 желтоқсанда суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен ауа температурасы түнде 28-33 градус аязға дейін, күндіз 23-28 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. Одан әрі түнде 30-35 облыстың солтүстігінде 39 градус аязға дейін төмендеуі күтілуде», — деді «Қазгидромет» РМК СҚОФ бқлім басшысы Гүлзәт Ғазизова.
Жалпы қысқы уақытта қала жолдарын қардан тазалап, күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен 600 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.