СҚО-да аязға байланысты 347 жылыту пункті ұйымдастырылды
Қатты аязға байланысты Солтүстік Қазақстан облысында 347 жылыту мункті ұймдастырылды, деп хабарлайды тілшіміз.
Түнде аймақтағы ауа температурасы минус 30 градусқа дейін төмендеді. Синоптиктердің болжамы бойынша, сақылдаған сары аяз бірнеше күн сақталады.
Құтқарушылар қатты аязда жолда қалған екі жүргізушіге көмек көрсетті.
«347 жылыту пункті дайындалды. Олар кафелер, тамақтану орындары, мектептерде орналасқан. Кез келген уақытта адамдарды қабылдай алады. Яғни, адамдар сол жерге эвакуациялануы мүмкін және оларға қажетті көмек көрсетіледі. Техника дайын. Балалар қашықтан оқып жатыр. ТЖД-де жедел штаб құрылды және тәулік бойы жұмыс істейді»,-деді СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.
Қатты аяз келер аптаға дейін жалғасады. Ауа температурасы кей жерлерде -41 грдусқа дейін төмендеді.