Петропавлда мемлекет қаражатына қоқыс шығаратын бес жаңа техника сатып алынды
Петропавл қаласында мемлекет қаражатына қоқыс шығаратын бес жаңа техника сатып алынды, деп хабарлайды тілшіміз. Облыс орталығында қоқыс шығару үшін тарифі өсті. Оның құны 2017 жылдан бері көтерілмеген еді. Бірақ, мәселе әлі шешілер емес. Қала әкімі Серік Мұхамадиев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте, тамыз айынан бері Петропавлда 3 рет қоқыс шығару жұмыстары кешкітірілгенін алға тартты. Салдарынан қалада тұрмысық қалдықтар үйіліп жатыр. .
«Қоқыс шығаратын машиналар сынды, жұмысшылар жетіспейді деді. Бірақ мұның бәрі сылтау. Біз жауапты компанияларға айыппұл санцияларын қолданып келеміз. Бұл – бәсекелестік тудыратын сала. Сондықтан басқа қоқыс шығаратын серіктестіктерді де қарастырып, келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Өзге кәсіпорындарды тартуға дайынбыз. Бастысы халыққа сапалы қызмет көрсетсе болды», – деді қала әкімі Серік Мұхамадиев.
Петропавл қалалық әкімдігі қоқыс шығаратын бес жаңа машина сатып алған. Ол жыл соңына дейін өңірге жеткізіледі. Қалдықтарды төгетін 100 еуроконтейнер де алыныпты. Осындай тағы 50 жәшік жыл соңына дейін орнатылады.