Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жанұядағы зорлық-зомбылықты тоқтату жолдары қаралды

Петропавлда жанұядағы зорлық-зомбылықты тоқтату жолдары қаралды, деп хабарлайды тілшіміз.

Дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, жанұяларда зорлық-зомбылық жайттары тіркеліп тұрады. Мәселен, тек бір жылдың өзінде елімізде жұдырық ала жүгіретін еркектерден бірсыпыра әйел адам ауыр жарақат алады немесе көз жұмады екен. Кәсіби медиатр Гүлбақша Мұсабаеваның айтуынша, шаңырақ алкогольдің кесірінен және табыстың жетпеуінен жиі шайқалады.

«Қазіргі уақытта отбасылық психологтарды дамыту керек. Сондай-ақ, отбасылық медиациямен айналысатын медиатрлардың санын көбейту қажет. Жаңа отбасыларға ақыл-кеңес айтсақ, олардың қақтығыстары ушықпайды деп ойлаймын. Бұл мәселені тереңнен бастау керек. Жаңа ғана тәрбиелеп жатқан балалардан бастағанымыз абзал», — деді кәсіби медиатор Гүлбақша Мұсабаева.

Мамандардың сөзінше, отбасындағы қорлыққа шыдап жүрген азаматшалар бар. Ел бойынша нәзікжандылардың 15 пайызы күйеуінің жұдырық ала жүгіруі қалыпты жағдай деп санайды екен. Облыста есепке алынған жанұяларды полиция қызметкерлері жиі тексереді. Олармен бірге жергілікті мәслихат депутаттары да рейд өткізеді.

 «90-шы жылдары апаларымыз, қарындастарымыздың барлығы ұят деп санады. Негізінен мұндай жәйттар кездессе, үндемей қалмауымыз керек. Қазіргі кезде бала өсіріп отырмыз. Олар мұндайды көрмеуі керек. Себебі өскен соң, соны жасайды», — деді Петропавл қалалық мәслихатының  депутаты.Сәлімхан Сәбитов.

Жалпы, облыста жыл басынан бері отбасылық зорлық зомбылыққа қатысты 2134 құқықбұзушылық тіркелген. 536 адам әкімшілік қамауға алынды. 300-ден астам тұрғынға ескерту жасалса, 6 адамға айыппұл салыныпты.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *