Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавл қаласында жылу желілерін жөндеу бойынша арнайы жол картасы әзірленді

Петропавлда жылу желілерін жөндеу бойынша арнайы жол картасы әзірленді, деп хабарлайды тілшіміз. Облыс орталығында желілер 72% тозған. Биыл желілердің тозуын азайту үшін 8,3 шақырымына  күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді.

 «Петропавл жылу желілері» ЖШС-не тиесілі жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 229,3 км. Оның 70 пайыздан астамы ескірген. Оны жақсарту үшін биыл ТМ-5 және ТМ-15 екі жылу магистралінің құрылысы бойынша жобаларды іске асыру басталды. Бұл көппәтерлі үйлерді және қаланың солтүстік бөлігінің жеке секторын орталықтандырылған жылуға қосуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оған «Орман», «Борки», сондай-ақ салынып жатқан Әскери академия ғимараты және жаңа кәсіпкерлік субъектілері кіреді. Жылу магистральдарының жалпы ұзындығы шамамен 6 шақырымды құрайды.

«Бұдан басқа, «Береке» шағын ауданында 158 метр жылу желісі ауыстырылды. Ол салынып жатқан жаңа өрт сөндіру депосын жылуға қосуды қамтамасыз етуге және қолданыстағы көпқабатты үйлерді жылумен жабдықтау параметрлерін жақсартуға мүмкіндік берді», – деді қала әкімі Серік Мұхамедиев.

Тозығы жеткен жылу желілерін бірден жаңарту мүмкін емес. Бұл мәселе бір жылда шешілмейтінін түсіну керек деген Серік Мұхамедиев, бүгіндері жол картасы әзірленгендігін тілге тиек етті.

«Желілерді жөндеу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Сондықтан қалалық әкімдік «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС-мен бірлесіп жылу желілерін күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 2024-2029 жылдарға арналған Жол картасын әзірледі. Бұл желілердің тозуын 15% – ға азайтуға мүмкіндік береді», – деп отыр қала әкімі.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *