Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО халқы мемлекеттің қолдауы арқасында кәсіп ашып жатыр

Солтүстікқазақстандықтар мемлекеттің қолдауы арқасында кәсібін дөңгелетуде. Мәселен Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында тұратын Сағитовтар отбасы шағын бөдене фермасын ашты. Кәсіпті енді бастаған ерлі-зайыпты құйылған инвестиция екі жылдан кейін өз жемісін беріп, ферма таза пайда әкелетініне сенім артып отыр, деп хабарлайды  тілшіміз.

Сағитовтар отбасы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 5 жыл мерзімге жылдық мөлшерлемесі 2,5% болатын несие алған. Бұл қаражатқа ерлі-зайыптылар бөдене фермасын ашты.

«Жобаның жалпы құны шамамен 14 миллиан теңгені құрады. Бізге «Ауыл аманаты» бағдарламасы көмектесті. «Солтүстік» ӘКК» АҚ толық ақпарат беріп, қолдау көрсетті. Қажетті құжаттарды жинап, несие алдық. Бөдене фермасының пайдасы жоғары, өнімге қашанда сұраныс бар, әрі отбасылық бизнес, өзіміз тұтынамыз», — дейді Радик Сағитов.

Шағын бөдене фермасы үй маңында орналасқан. Онда 1,5 мың құсты өсіріп, баптауға болады. Арнайы эскизбен қажетті жабдықтарды жергілікті компания жасап берген. Желдету, жылыту және жемазық беру автоматтандырылған.

«Біз барлық кезеңнен өтеміз деп шештік. Сол үшін әрқайсысына 200 жұмыртқа сиятын 3 инкубатор алдық. 17 күнде балапан шығады. Кейін арнайы орында 21 күн өсіп жетіледі. Ал 46 күннен кейін жұмыртқалай бастайды. Қазір фермада техастық және эстониялық 300-ге жуық бөдене бар. Оларды бірге ұстауға болады»,- дейді кәсіпкер.

Радик Сағитовтың айтуынша, бір бөдене айына 25 жұмыртқа береді.

«Қазіргі міндет – ферманы мекиендермен толтыру. Толық қуатына көшкен кезде күніне 1 500-ге дейін жұмыртқа аламыз. Өнімді өткізуде мәселе туындамайды, Петропавлдағы ірі супермаркеттермен, жергілікті мейрамханалармен келісімшартымыз бар», — дейді ол.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *