Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Аяз басталғалы СҚО-да 12 адамды үсік шалды

Солтүстік Қазақстан облысында саршұнақ аяз басталғалы 12 адамды үсік шалды. Дәрігерлердің сараптамасынан кейін олардың 5-і ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды тілшіміз.

Суықта дала кезіп, қатты тонып қалғандардың көбісі аяқ-қолдарын үсітіп алған. Қазір науқастар медицина қызметкерлерінің жіті бақылауында. Кейбіріне операция жасалуы мүмкін. Жалпы өңірде бір аптадан бері аяздың беті қайтар емес. Ауа температурасы кей жерлерде 35-40  градусқа дейін төмендеді. Бұл ретте  ақ халыттылар жылы киініп, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ мұзда тайып жығылып, жарақат алғандардың да саны артқан. Мәселен соңғы екі аптада шаhарда 300-ден астам дерек тіркелді. 

«Аязды күні жолға шығып, көлігі сынған азаматты үсік шалды. Бұл тізімде мал іздеп, ермек үшін балыққа барғандар, ішімдік ішкендер және тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдар да бар. Қазір ауруханаға жатқызылған науқастар ем қабылдап жатыр», — дейді қалалық көпбейінді аурухананың баспасөз хатшысы Екатерина Белоусова.  

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *