Жарияланған күні: 14.12.2023
Петропавлда жеке тұрғын үй отқа оранып, бір адам ауруханаға жеткізілді
Петропавлда жеке секторда орналасқан тұрғын үй өртенді. Салдарынан бір адам иіс тиіп ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды тілшіміз.
Оқыс оқиға 2-ші Косогор көшесінде болған. Төтенше жағдай туралы хабарлама кезекші бөлімге 23:34-те келіп түскен.
Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 5 адамды құтқарған. Ал аураханаға жеткізілген азамат үй иесінің туысы екендігі белгілі болды. Дәрігерлер 44 жастағы науқастың жағдайы ауыр деп отыр.
«ТЖД қызметкерлері жеткен кезде мұнда 30 шаршы метрде от лапылдап жанып жатқан. Қызыл жалын 00:35-те ауыздықталды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған», – делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.