Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+20°C
Облачно
Источник погодных данных: Ауа райы
02:06:15Пятница

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Көлік министрі мен СҚО әкімі жол мәселелерін талқылады

Бүгін облысқа жұмыс сапарымен ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев келді. Облыстық әкімдікте министрлік басшысы және СҚО әкімінің қатысуымен жол саласының мәселелеріне арналған жиын өтті, деп хабарлайды тілшіміз.

 Мемлекеттік органдардың алдында Президенттің республикалық маңызы бар жолдардың нормативті жағдайдағы үлесін 100%-ға және жергілікті жолдардың үлесін 95%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша бірлескен міндет тұр.

Жиында барысында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов «Сергеевка-Дружба» учаскесіндегі «Жезқазған-Петропавл» және «Дәуіт-Кішкенекөл» бөлігіндегі «Көкшетау-Омбы» республикалық жолдарын жөндеу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ облыс орталығында Есіл өзені арқылы өтетін көпір мен айналма жол салу жоспарлануда.

Курорттық аймақтағы жолдарға да ерекше назар аудару қажет. Мұнымен  қоса,  облыс басшылығы Петропавл-Алматы бағытындағы «Тальго» пойызының қозғалысын сақтап қалуға мүдделі. Көлік министрі Марат Қарабаев пен  СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бірлескен хаттамаға қол қойды, онда жоғарыда аталған мәселелер мен оларды шешу жолдары көрсетілген.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *