Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда жыл басынан бері тыныштықты бұзған 2 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Петропавлдық тәртіп саұшылары жыл басынан бері   тыныштықты бұзған 2 мыңнан астам адамды жауапқа тартты, деп хабарлайды тілшіміз.

Көбіне тыныштықты бұзу деректері жалға берілетін пәтерлерде тіркеліп жатады.   12 желтоқсан күні таңғы сағат 06:30-да Петропавлдағы Н.Назарбаев көшесіндегі үйлердің біріндегі жастардың бас қосуы тұрғындардың тыныштығын бұзған. Шақыруға келген учаскелік полиция инспекторы пәтерді жалға алған 21 жастағы бойжеткенге әкімшілік хаттама толтырды. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Адамдарды таң атпай оятқан жастар пәтерден шығарылып, кілт пәтер бюросына тапсырылды.

«Түнгі уақытта осындай фактілерге барып, шаралар қолдану үшін учаскелік инспекторлар кезекшілікке түседі. Түнгі уақыттағы шу – жиі жасалатын құқық бұзушылықтардың бірі. 11 айдың ішінде облыс орталығының аумағында осындай 1928 факті тіркелді», — дейді Петропавл қалалық ПБ бастығы Марат Жұмалиев.

Жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы сағат 09:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден таңғы сағат 10:00-ге дейін тыныштықты бұзғаны үшін жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *