Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Еліміздің барлық аймағында дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің барлық аймағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды тілшіміз.

19 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады.  Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Астана қаласында 19 желтоқсанда түнде қатты қар жауады, бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысында 19 желтоқсанда қар, батысында, оңтүстігінде қатты қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі.

19 желтоқсан күндіз Алматы облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады облыстың батысында , орталығында екпіні 15-20 м/с. Алматы қаласында 19 желтоқсан күндіз көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 19 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады екпіні 15-20 м/с.

19 желтоқсанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қаласында 19 желтоқсанда бұрқасын күтіледі.

19 желтоқсанда Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында19 желтоқсанда бұрқасын күтіледі.

19 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19 желтоқсанда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қаласында 19 желтоқсан кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

19 желтоқсанда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с дейін жетеді.

19 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысының шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.

19 желтоқсанда Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында 19 желтоқсанда түнде көктайғақ, кей уақытта тұман күтіледі.

19 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын, облыстың басым бөлігінде көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15- 20, облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Шымкент қ.: 19 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қаласында 19 желтоқсанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

19 желтоқсанда түнде Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде, күндіз оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

19 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

19 желтоқсанда Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19 желтоқсанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *