Петропавл қаласында қоқыс таситын жүргізушілерге жоғары жалақы қойылып отыр
Облыс орталығында қоқыс таситын көлік жүргізушілеріне жоғары жалақы қойылып отыр, деп хабарлайды тілшіміз.
Петропавлда аталған мәселе көп жылдан бері өзекті. Жаңа жыл қарсаңында қала әкімдігі қоқыс шығаратын мердігерлерден осы мәселені шешуді талап етті. .
Осыған орай қоқыс таситын көлік жүргізушілеріне 350 мың теңге жалақы ұсынылып отыр.
Әлеуметтік желідегі топтардың бірінде «Коммунсервиске» қоқыс шығаратын көлік жүргізушісі керектігі, оған 350 мың теңге жалақы ұсынылатыны туралы хабарландыру жарияланды.
Еске сала кетсек, осыдан екі апта бұрын қоқыс шығарумен айналысатын Мюльсервис компаниясы да көлік жүргізушілеріне айына 300 мың теңге жалақы ұсынатынын хабарлаған еді.
Десекте, қазір қаладан қоқыс сыртқа уақытылы шығарылмай жатыр. Қатты аяздың кесірінен жауапты компаниялардың техникалары жаппай ісен шықты. Себебі техника паркі әбден ескірген. Бүгінде қалалық әкімдік мемлекет есебінен қаржы бөліп, бірнеше арнайы көлік сатып алды.