Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+23°C
Облачно
Источник погодных данных: Ауа райы
14:25:52Воскресенье

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Айыртау ауданын қарасты Лобаново ауылында дәрігерлік амбулатория салынды

Айыртау ауданының Лобаново ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жаңа дәрігерлік амбулатория салынды, деп хабарлайды тілшіміз.

Жаңа нысанның тініс – тіршілігімен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов  танысып, дәрігерлер және ауылдықтармен кездестім. Бұл амбулатория 4 ауылда тұратын 1,6 мың адамға сапалы медициналық қызмет көрсетеді.

Мұнымен қоса өңір жетекшісі күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйінде Арықбалық ауылының тұрғындарымен жүздесті. Кездесуде тұрғындар сұрақтарын қойып, келесі жылға жоспарлар нақтыланды.

2024 жылы Арықбалықтағы ауылішілік жолдар жөнделеді.  

Ал Ғабит Мүсірепов ауданында аймақ жетекшісі Сокологоровка ауылының тұрғындарымен кездесті. Бұл ауылдың тұрғындары жер мәселесі бойынша әкімнің жеке қабылдауында болды.  Бүгінгі кездесуде ауылдың одан әрі дамуы және инвестордың жұмысы әңгіме арқауына айналды.

Тахтоброд ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттың құрылысы аяқталуға жақын.

Бұдан кейін Ғауез Нұрмұхамбетов  Ковыльное ауылына барып, өңірдегі белгілі диқан Серік Малаев бастаған шаруашылықтың жұмысымен және елді-мекеннің тыныс-тіршілігімен танысты.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *