Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда кәсіпкер мен оның отбасын өлтіріп кеткен күдіктілердің тағы біреуі ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында бүтін бір отбасының өліміне қатысты тың деректер мәлім болды. Полиция жаға ұстатарлық қылмысқа қатысты тағы бір күдіктінің ұсталғанын жеткізді, деп хабарлайды тілшіміз.

Естеріңізге сала кетейік жаңа жыл қарсаңында Петропавлдағы «Жұмысшы кені» шағын ауданнан 3 адамның мәйіті табылып, олардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған болатын. Күдіктілер жерлеу рәсімімен айналысатын кәсіпкер мен оның әйелін және 17 жастағы ұлын өз үйінде асқан қатыгездікпен өлтіріп кеткен.  Сол кезде тәртіп сақшылары екі сезіктінің қолға түскенін айтқан еді. Екі ай бұрын болған қанды оқиға бойынша тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

«Кісі өлімі туралы хабар түскеннен кейін дереу бүкіл тергеу және жедел бөлімшелер жұмылдырылды. Екі сағаттың ішінде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл іс бойынша үш күдікті бар. Олар қылмыстық атқару жүйесінің тергеу изоляторында отыр. Қазір тиісті сараптаманың бәрі тағайындалды, оның қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жолданады», — деді СҚО ПД бастығы Айдын Қабдулдинов

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *