Жарияланған күні: 07.02.2024
СҚО-да заңсыз көш-қон ұйымдастырған экс-полицей қолға түсті
Солтүстік Қазақстан облысында пара алып, заңсыз көш-қон ұйымдастырғды деген күдікпен қалалық полицияның бұрынғы қызметкері ұсталды, деп хабарлайды тілшіміз.
«Экс-полицей ҰҚК департаменті мен СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп ұсталған. Оған пара алды және заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген айып тағылып отыр. Қазіргі кезде ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген СҚО ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, осыған дейін egovpress telegram-каналы Петропавл қаласының көші-қон полициясы бөлімінің инспекторы Асан Қазесовтың ұсталғандығын жазған болатын.