Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Еліміздің солтүстігінде мүгедектер мен олардың өкілдерінен заңсыз салық алынып келген

Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқығын қорғау бойынша қадағалау жұмыстары шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысында жеке табыс салығын және басқа да төлемдерді негізсіз ұстап қалу түрінде өрескел бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы прокуратура өкілдері ақпарат таратты, деп хабарлайды тілшіміз.

«Мамлют, Шал ақын, Тайынша аудандарында жұмыс берушілер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 2022-2023 жылдар бойынша 346-бабын бұза отырып, мүгедек балалардың 74 заңды өкілдерінен 6,6 миллион теңге жеке табыс салығы ұсталған, ал шын мәнінде соңғысы оларды төлеуден босатылған», – делінген прокуратура хабарламасында.

Ал Ақжар ауданында 19 мүгедекке қатысты Кодекс талаптарына қайшы көлік салығы мен мемлекеттік баж салығы заңсыз ұсталған.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекеттік кіріс органдары жоғарыда аталған тұлғаларға 2,3 миллион теңгені қайтаруды қамтамасыз етті. Қалған сома бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқығын қорғау сұрағы прокуратураның ерекше бақылауында.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *