Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да азық іздеген жабайы жануарлар ауылдарға кіре бастады

Солтүстік Қазақстан облысында жабайы жануарлар көбейді. Қазір елді мекендерге елік- қабандар емін еркін кіре бастаған. Табиғат жанашырларының айтуынша, далада тебін жоқ.  Сондықтан қорек іздеген аңдарды тіпті қала ішінен де кездестіресіз. Әрі аймақта соңғы кездері қасқырдың  жүргені жайында ақпарат тарай бастады, деп хабарлайды тілшіміз.  

Еліміздің солтүстігінде елік қаптады. Ең даланы еркелері ауыл былай тұрсын, қала ішінде жүр.  Ал, Шал ақын ауданына қарасты Балуан ауылына бір топ жабайы қабан кірді. Тұрғындар оларды ұялы телефонға түсіріп алған.   

«Юбелейный  шағын ауданында тұрамын. Үйдің артында орман бар. Соның ішінде еліктер қаптап жүреді.  Кейде тіпті ауланың ішіне де кіріп кетеді. Енді мынау трасса бойымен, жолмен де көп жүреміз ғой. Астана жаққа, ел жаққа қатынаптұрамын. Жол апаттары көптеп кездесіп жатыр, осы еліктердің жолға шығып кетуінен. Негізі қиын болып тұр. Ең бастысы енді жолда абайлап жүру керек», — дейді Петропавл қаласының тұрғыны Ерден Қожахметов. 

Мамандардың сөзінше жануарлар көрші Ресейден келіп жатыр. Орманда тебін болмаған соң, олар елді мекендерді жағалауға мәжбүр. 

«Қар көп. Оның үстіне жаңбыр жауды. Мұндай кезде жануарлардың өздігінен қорек табуы қиындайды. Сондықтан, азық іздеп ауылға, қалаға келеді. Осы қыста біздің қызметкерлер облыс орталығынан 20-дан астам елікті аулады», — дейді  СҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтың инспекциясының бөлім жетекшісі Олег Беспалов.

Теріскейде түз тағысының тұқымы құрып кеткен. Бірақ биыл қасқыр да кездесе бастаған. Атып алынған жыртқыш аңдардың суреттері әлеуметтік желіде бірінен соң бірі тарап жатыр. Бұл ақпарат өңір тұрғындарын алаңдатып қойғаны жасырын емес. Оны табиғат жанашырларының өзі де жоққа шығармады. Себебі жыртқыш аң көрші облыстардан келуі мүмкін.  

 «Ақмола, Қостанай және Ресейдің бірнеше облысымен  шектесеміз. Ол өңірлерде қасқыр бар. Олар бізге сол жақтан жетуі мүмкін. Бірақ оны дөп басып айту әзір қиын» , — дейді СҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтың инспекциясының бөлім жетекшісі Олег Беспалов. 

Мамандардың сөзінше соңғы жылдары аймақта жабайы жануарлардың саны күрт артқан. Былтырғы есеп бойынша 20 мыңнан астам елікпен 3 мың бас қабан бар. Ал өткен аптада Петропавл қаласы шетінде орналасқан «Былғары зауыты» ауданының тұрғындары көшеде қасқырға ұқсас екі аңды байқап қалған.  Бұл туралы вацап чаттарда түрлі ақпарат тарай бастады. Бүгінде халық балаларын мектепке жалғыз жіберуге үрейленіп отыр. Куәгерлер бірден полицияға хабарласып, арыз түсірген. Ал құзырлы орган өкілдерінің  айтуынша әзір алаңдауға еш негіз жоқ. Себебі ол қаңғыбас иттер де болуы мүмкін.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *