Ұлттық киімді ұлықтаған мектеп
Ұлттық киімді ұлықтаған мектеп. Петропавлдағы Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта мектептеп оқушыларымен ұстаздары қазақы нақышта киіне бастады, деп хабарлайды тілшіміз.
Тың бастаманы ата-аналарда қолдаған. Тіпті әр сынып өз стильін таңдап, арнайы киім тіктірген екен. Осылайша 800-ге жуық адам әр жұма күні мәдениетімізбен салт –дәстүрімізді насихаттауға айтарлықтай үлес қосып жүр.
Ұлттық киім– ұлтымыздың айнасы. Бұл қағиданы №25 мектеп ұжымы берік ұстанады. Сондықтан оқушылармен ұстаздар жұма күні ұлттық стильде киініп, әшекей бұйымдарын тағып келеді.
«Маған ата-анам осындай киім тіктірді. Қоңырау соғылғанда астына түсіп, ұлттық ойындар ойнаймыз. Біз қыздармен асық жарысында сынға түссек, ал балалар арқан тартудан бастарын сынайды», — дейді Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта мектептің оқушысы Жанерке Едіге.
Оқушылар үшін қызықтың бәрі үзілісте басталады. Білекті балалар арқан тартып күш сынасады, ләңгі тебеді. Ал, мақал – мәтел жарысында оза шапқандар бауырсақтан дәм татады. Өнерлі өрендер домбырада ойнайды.
Жалпы бұл бастама – идеологияны қалыптастырып, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбилеу үшін қолға алынды. Ал аптаның басқа күндерінде де мәдениетімізбен- құндылықтарымызды, дәріптеуге арналған түрлі шаралар өтіп тұрады.
«Әр сынып өзінің үлгісіне сай стильін таңдап, ою –өрнегі таңдап,оған әрине ата-аналарда қолдау көрсетті бізге. Мектептегі ұстаздар тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар тәрбие берудің де негізі. Сондықтан да осындай қлттық киімдерді кию арқылы біз өзіміздің ұлттық құндылығымызды жоғалтпауымыздың негізгі мақсаттарының бірі де осы деп білемін», — дейді Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта мектеп директорының орынбасары Жқлдыз Сералина.
Бүрмелі көйлек, оюлы қамзол бұрымдыларға керемет жарасуда. Осылайша мектеп ұжымы солтүстік қазақстан қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өңір екенін тағы бір паш етуде.