Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
San Juan
5°C
Nublado
3.8 m/s
86%
764 mmHg
08:08:15Среда

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Облыста электр қуаты тарифінің бағасы өсті

Ақпанның 16-нан бастап өңірде электр қуатының тарифі өседі. Бұл туралы өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде белгілі болды.

Енді жеке тұлғалар үшін электр қуатының құны сағатына бір киловатқа 17,14 теңгені құрайды. СҚО табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Дамир Тоқтамысовтың сөзінше,  «Севказэнергосбыт» ЖШС ведомствомен электр қуатының бөлшек саудадағы бағасын келісті. Орташа есеппен тарифі 21,13 теңгеден 24,57 теңгеге дейін өсті.

Жеке тұлғалар үшін тариф сағатына 14,28 теңгеден 17,14 теңгеге, заңды тұлғалар үшін — 24,23 теңгеден 27,87 теңге, бюджеттік ұйымдар үшін — 30,29 теңгеден 34,73 теңгеге дейін өзгертілді.

— Электр энергияны «KEGOC» АҚ, «СК АЭК» АҚ, «РЖД» ААҚ, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Межрегионтранзит» ЖШС-дан алғандықтан бағаны өсіруге тура келді. Жоспарланған және нақты шығыстар арасындағы айырмашылықтың туындауына байланысты «Севказэнергосбыт» ЖШС тарифті көтерді, — деді Дамир Тоқтамысов.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *