Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да полицейлер Түркия азаматтарына көмектесті

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында Түркия елінің екі азаматы жолда қиын жағдайға тап болды. Олар Возвышенка ауылында жасымық тиеп алғаннан кейін түнге қарай жолға шыққан. Грейдермен жүріп келген жүргізушілер жергілікті маңыздағы «Чернозубовка — Рузаевка» автожолына шықпақ болғанда, алда келе жатқан «Renault» жүк көлігінің 48 жастағы жүргізуші бұрылысты дұрыс көре алмай, артқы дөңгелектері жолдан шығып кеткен. Олардың жолда қалып қойғанын көрген жергілікті тұрғындар полицияға хабарлады.

Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Мақсат Киікбаев аттанды. Полиция қызметкері мен түркиялықтар қазақ, орыс, түрік тілдерінде сөйлесіп, мән-жайды анықтап алған соң, тәртіп сақшысы шетелдіктерге қонақ үйде түнеп шығуды ұсынды. Далада 30 градус аяз болса да, олар кабинада қаламыз деп шешкен. Мақсат Киікбаев қызметтік автокөліктегі жарқылдауық маяктарын қосып, түні бойы жол үстінде тек жүкті ғана күзетіп қана қоймай, жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Бұдан бөлек, учаскелік инспектор жергілікті “Тұқым” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жүгініп, көліктерді шығарып алу үшін техника жіберуді сұрады.

Таңертең К-700 тракторы келіп, 12 тонна жүк тиеген фураны жол үстіне сүйреп шығарды. Түркия азаматтары қазақстандық полицейлер мен жергілікті тұрғындарға алғыстарын айтып, жолға шықты. Тәртіп сақшылары жүргізушілерден қыс кезінде жол үстінде мұқият болып, Жол жүрісі қағидаларының талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *