Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+11°C
Ясно
Источник погодных данных: Ауа райы
18:52:17Понедельник

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Көшеде винтовка ұстаған жасөспірім ұсталды

Петропавлда винтовка тәріздес зат ұстаған жасөспірімді көргендер полицияға хабарласып, алаңдаулы екендіктерін жеткізді. 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, «102» арнасына Петропавлда баланың қолына мылтық тәрізді затты ұстап кетіп бара жатқаны туралы хабар келіп түсті. Бірнеше минут ішінде осы жағдайды анықтау мақсатында полиция қызметкерлері жасөспірімді ұстады.

– Полиция қызметкерлері қару-жарақ тәрізді затпен қаланы аралап жүрген кәмелетке толмаған баланы тексерді. Баланың айтуынша, ол ойнау үшін достарының ауласына бара жатқан. Ал қолындағы зат — ойыншық мылтық болып шықты, — дейді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Жанжал кезінде қала тұрғынына пыш сұққан азамат ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *