Құтқарушылар көмекке келді
Уәлиханов ауданында құтқарушылар жедел медициналық көмекке мұқтаж 2 әйелді ауруханаға жеткізді.
СҚО ТЖД мәліметінше, ақпанның 18-і күні сағат 01:30-да Көбенсай елді мекенінде екі әйелге шұғыл медициналық көмек қажет екені белгілі болды. Олардың бірінің қолы сынса, екіншісінде аппендицит белгілері анықталды.
– Боран салдарынан жол жабылды. Сондықтан 1964 және 1990 жылы туған келіншектерге құтқарушылардың көмегі қажет болды. Талшық ауылының өрт сөндіру бөлімінен аудан тұрғындарына көмекке «ТРЭКОЛ» көлігі шықты. Ол әйелдерді Кішкенекөл ауылындағы аудандық ауруханаға аман-есен жеткізді, — делінген хабарламада.Уәлиханов ауданында құтқарушылар жедел медициналық көмекке мұқтаж 2 әйелді ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Уәлиханов ауданына әкім болып Мұрат Абдулов тағайындалды