Жұмысшы кентінде тіркелген өрт оқиғасынан 2 адам зардап шекті
Петропавлдағы Жұмысшы кентінде жеке тұрғын үй өртке оранды. Салдарынан екі адам зардап шекті.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт оқиғасы жайлы хабар «101» пультіне бүгін сағат 05:52-де түсті. Белгілі болғандай, Жұмысшы кентіндегі Матвеев көшесінде жеке тұрғын үйдің бірі өртке оранды. Қызыл жалынды ауыздықтауға екі өрт сөндіру бөлімі жұмылдырылды.
– Оқиға орнынан күйік шалған және түрлі дене жарақатын алған екі адам құтқарылды. 1978 жылғы әйел және 1983 жылы туған ер адамға дереу медициналық көмек көрсетілді. Қызыл жалын сағат 06:31-де оқшауланып, сағат 06:47 минутта толықтай ауыздықталды.
От 30 шаршы метр аумақты шарпыды. Қазіргі уақытта себептері анықталуда, — дейді баспасөз қызметі.
Жол құрылысы материалдарының 40 мың сынамасы алынып, 4 мыңнан астам бұзушылық анықталды