Биыл жедел уәкілдермен іздеуде жүрген 11 қылмыскер ұсталды
Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер іздеуде жүрген 11 қылмыскерді анықтады.
Қылмыстың бірі өткен жылдың қазан айында тіркелді. Петропавлдағы көлік жөндеу шеберханаларының бірінің қызметкері белгісіз адамның шабуылына ұшырады. Қаскүнем жәбірленушіні ұрып-соғып, одан 51 мың теңгені қолды етті. Петропавл қалалық ПБ екінші полиция бөлімінің қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысынан тысқары шығып кеткен, осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын бірнеше рет сотталған Рудный қаласының 34 жастағы тумасын анықтады.
Кейіннен белгілі болғандай, ол әртүрлі кішігірім жұмыстарда бейресми түрде еңбек еткен. Соған қарамастан, Петропавлдың жедел уәкілдері оның орналасқан жерін анықтап, құрықтау операциясын өткізді.
– Қылмыскерлерді іздестіру — криминалдық полиция бөлімшелерінің маңызды жұмысы. Әрбір факті бойынша полицияның өзге қызметтерімен және аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылда жедел-іздестіру іс-шараларының кешені өткізіледі. Мәселен, ақпан айында Орал қаласының түнгі клубында жасалған ұрлық үшін 27 жастағы іздеуде жүрген адам анықталды. Мәліметтерге сәйкес, жас жігіт би алаңында телефонды ұрлады деген күдікке ілінген. Ол өткен жылдың шілде айынан бері іздеуде болған. Сот төрелігінен жасырынып, бірнеше қаланы ауыстырып, ақыры Петропавл қаласында ұсталды, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.