Жарияланған күні: 27.02.2024
Ғауез Нұрмұхамбетов журналистермен кездесті
Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облысымыздағы БАҚ өкілдерімен және журналистика саласының ардагерлерімен кездесті.
Кездесуде СҚО әкімі журналистерге Мемлекет басшысының айқындаған міндеттері аясында Солтүстік Қазақстан облысын дамытуға бағытталған жоспарлар мен атқарылып жатқан жобалар туралы айтты.
Сұрақ-жауап форматында өткен бейресми кездесуде БАҚ өкілдері солтүстікқазақстандықтардың өзекті мәселелері мен өңіріміздің даму болашағы туралы сұрады. Журналистер әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу бойынша нақты ұсыныстар жасады
— Біздің сындарлы диалогымыз өңірде жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат пен ауқымды жұмыстар жайында халыққа ақпарат беруге жақсы негіз болмақ«, — деп атап өтті облыс басшысы.