Жарияланған күні: 14.03.2024
Көлік өртенді
Петропавлда «Қызылжар су» коммуналдық кәсіпорынның көлігі өртке оранды. Оқиға жайлы хабар облыстық төтенше жағдайлар департаментіне келіп түсті.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше «101» пультіне сағат 11:50-де коммуналдық кәсіпорынның көлігі өртеніп жатқаны туралы қоңырау түсті.
– Төтенше жағдай Позолотин көшесі, 56 мекенжайында орын алды. Коммуналдық кәсіпорынның көлігі өртенді. Оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтауға кірісті. Алдын ала болжам бойынша тілсіз жау электр сымдарының қысқа тұйықталуынан орын алуы мүмкін. От толығымен сағат 12:06-да ауыздықталды, – дейді баспасөз қызметінің мамандары.