Полицейлер буллинг тақырыбында шағын бейнеролик түсірді
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің бастамасымен №8 орта жалпыбілім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінің оқушылары жасөспірімдер арасындағы ұжымдық буллингтің алдын алуға бағытталған бейнероликке түсті.
Әлеуметтік роликте жаңа мектепке білім алуға ауысқан оқушының қорқынышы жайлы баяндалады. Түсінде мектептегі сыныптастарының тарапынан болған кемсітушілік пен қатыгездікті көреді. Шын мәнінде өңінде сыныппен танысуы жақсы өтеді. Осылайша, петропавлдық оқушылар буллинг пен зорлық-зомбылыққа қарсылықтарын көрсетті. Олардың пікірімен шоу-бизнес өкілдері Rin’Go тобы мен әнші Luina да келісіп отыр.
Буллингтен жапа шегіп жүргендер ҚО ПД ҰҚҚКБ-ның +7-702-296-21-02 сенім телефонына хабарласа алады.