Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Қайырымдылық жәрмеңкесінде баланың еміне 40 мың теңге жиналды

Петропавлдық 5 жасар Егор Мацко ботулинотерапияның арнайы процедурасынан өтуі керек. Ол үшін 150 мың теңге қажет. Осы орайда «AMANAT» партиясының мүшелері қаражат жинауға көмектесіп, қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.

Баланың диагнозы — сал ауруы, аралас тетрапарез, қояншық ауруы, ми атрофиясы. Енді ол ата-анасымен бірге келесі аптада емдеу процедурасынан өту үшін Омбы қаласының ауруханасына барады. 5 жасар Егорға көмектесу үшін М. Қозыбаев атындағы СҚУ «Тарих,экономика және құқық» бастауыш партия ұйымы арнайы қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырып, университет қабырғасында азық-түлік пен нан өнімдерін сатуға қойды. Бір күннің ішінде студенттер мен оқытушылар 40 мың теңге жинады.

«Бұл іс-шара «Наурызнама» онкүндігі аясында ұйымдастырылды. Бүгін, яғни, 15 наурыз — мейірім мен қайырымдылық күні болып саналады. Жақында Егордың анасы «Болашақ» филиалының қоғамдық қабылдауына көмекке жүгінген болатын. Біз студенттермен бірігіп, көмектесеміз деп шештік. Қаржыны арнайы банктік шотқа аудардық», — деді «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель.

Қайырымдылық күнін мерекелеу аясында өңір бойынша партиялықтар балалар үйіне барып, концерттер ұйымдастырып, басқа да іс-шараларды өткізуде. Сондай-ақ, көпбалалы және мұқтаж отбасылардың үйлеріне соғып, көмек қолын созуда.

 

Саяжай өртеніп, бір адам көз жұмды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *