Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдағы ірі сауда орындарында ресейлік шұжық пен өсімдік майының үлесі жоғары

Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінде өңірдің сауда желілері мен базарларында сатылатын азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелері қаралды.

СҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Қанат Жеңісбекұлының айтуынша, сауда орталықтарына отандық өнімді сөрелерге орналастыруға қатысты бірқатар талап бар.

— Отандық өнім тұрған сөреде «Қазақстанда жасалған» деген жазуы болуы тиіс. Сондай-ақ қазақстандық тауар азық-түлік сататын сауда алаңында және сөрелерде кемінде 30% алуы керек. Отандық өнім көзге көрінетін, қолжетімді жерде орналасады, — дейді Қанат Жеңісбекұлы.

Департамент нарықтағы отандық тауардың үлесін анықтау үшін Петропавлдағы ірі сауда орындарына мониторинг жүргізген. Оған «Aimer», «Семейный», «Magnum», және «Северный» сауда желілері қатысты.

— Қазақстандық сүт өнімдері – сүт, айран, ірімшік, қаймақтың үлесі «Aimer» сауда орталығында – 70%; «Семейный» – 47%; «Magnum» – 71%; «Северный» сауда орталығында 63% болды. Сары майдың бұл сауда желілеріндегі орташа үлесі 80% шамасында. Тауық еті бойынша да көрсеткіш жаман емес, негізінен отандық тауар саудаланып жатыр. Ал өсімдік майының үлесі — «Aimer» – 50%; «Семейный» – 66%; «Magnum» – 26%; «Северный» – 36%. Сол сияқты шұжық өнімдері де аз, «Aimer» – 36%; «Семейный» – 25%; «Magnum» – 43%; «Северный» – 33%, — дейді департамент басшысы.

Маманның айтуынша, азық-түлік тауарларын сату нарығын талдаудың нәтижесінде сүт өнімдері бойынша қазақстандық өнім — 62% алса, Ресейден әкелінген тауар – 36%, Беларусь өнімі 2% болған.

— Сары май бойынша Қазақстан өнімі — 79%, Ресей – 21%. Шұжық өнімдеріне келер болсақ – қазақстандық үлес — 34%, Ресей – 60%, Беларусь — 6%. Тауық еті бойынша Петропавлда сатылып жатқан өнімнің 75% қазақстандық, қалғаны Ресейден әкелінеді. Күнбағыс майы бойынша Қазақстан үлесі 38%, қалғаны Ресейден жеткізіледі», — дейді Қанат Жеңісбекұлы.

СҚО журналистері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *