«Серебряный бор» лагері тамызда балаларды қабылдай бастайды
Қызылжар ауданындағы «Серебряный бор» балалардың сауықтыру лагері тасқынға байланысты маусымды кеш бастап жатыр. Су астында қалған нысан толық жөндеуден өтті.
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Серебряный бор» сауықтыру лагерінің қазіргі жағдайын барып көрді. Балалардың демалыс орны Большая Малышка елді мекенінің маңында орналасқан. 1965 жылы салынған нысан 100 балаға шақталған. Көктем кезінде лагерь аумағына да су кірді.
СҚО білім басқармасының мәліметінше, лагерьді тасқыннан кейін қалпына келтіруге 200 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Жұмысты 6 компания атқарды. Қазір демалыс орны балалардық қабылдауға дайын тұр.
Лагерь аумағында төрт жатын корпус орналасқан. Медпункт, клуб жұмыс істемек. Ойын алаңдары бар.
Тамыз айында демалыс орны екі маусым жұмыс істеп, 200 баланы қамтымақ.
Браконьер 2 жыл бойы заңсыз жауапкершіліктен босатылған