Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Абаттандыру ережелерін бұзғандар айыппұл арқалайды

Жыл басынан бері полицейлер облыс орталығында абаттандыру ережелерін бұзудың 3352 фактісін анықтады.

Тәртіп сақшылар абаттандыру ережелерін бұзу фактілерін болдырмау мақсатында рейд ұйымдастырды. Іс-шара барысында полицейлер Кирпичный шағынауданындағы жеке секторды аралап, қалалықтарға қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша арнайы кәсіпорындар бар екенін еске салды. Сондай-ақ коммуналдық қызметтермен қалай келісімшарт жасасуға болатынын түсіндірді.

Бір жарым сағаттық рейдтің қорытындысы бойынша шағынаудан тұрғындары осындай шарттарды ресімдеуге 5 өтінім берді. Мамандардың айтуынша, барлық ниет білдірушілер «Коммунхоз» ЖШС-мен тікелей байланыса алады.

Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы кодексінің 505-бабына сәйкес қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғандарға ескерту жасалады немесе жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделгендей, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде іс-әрекеттер қайталанса, жеке тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Желшешекпен ауырғандар қатары төмендеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *