СҚО әкімі құрылысшыларды құттықтады
Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс құрылысшыларын кәсіби мерекемен құттықтап, марапаттарды табыс етті.
Құрылыс – ел үшін маңызды мамандық, экономикамыздың қозғаушы күші. Су тасқынынан кейінгі кезеңде құрылысшылар инфрақұрылымды қалпына келтіру және үйлер салуда маңызды рөл атқаруда. Құрылысшылардың тынымсыз еңбегінің арқасында қазірдің өзінде жаңа «Бірлік» шағын ауданында 285 тұрғын үй салынды, барлығы 700 үй тұрғызылады.
Облыстағы күрделі жағдайға қарамастан, мектептер, жатақханалар, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын салу және жөндеу бойынша 170 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асуда.
— Өңірдің құрылыс кешені экономикалық жетістіктер қазынасына үлкен үлес қосуда. Солтүстікқазақстандық құрылысшылардың еңбегінің нәтижесі алдағы уақытта да облыс пен оның тұрғындарына сенімді қызмет ететініне сенімдімін! Кәсіби мереке құтты болсын!, — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.