Облыста рұқсат етілмеген кітаптар тәркіленді
Облыс аумағындағы “Жаңа жол” шекара бекетінде экстремистік әдебиетті өткізу әрекетінің жолы кесілді.
Қырғызстан Республикасының 30 жастағы азаматы басқарған автокөлікті тексерген кезде 2020 жылы экстремистік деп танылған және Қазақстан Республикасының барлық аумағына әкелуге, басып шығаруға, сақтауға және таратуға тыйым салынған кітап табылып, тәркіленді.
Сот шешімімен шетелдік айыппұл түрінде жауапқа тартылды. Облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары хабарлағандай, жыл басынан бері облыста діни заңнаманы бұзудың 19 фактісі анықталды.
Тәртіп сақшылары діни мазмұндағы материалдарды таратуға заңда белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен ғана жол берілетінін еске салады.