Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

5 мыңға жуық жаяу жүргінші жол қозғалысы ережесін бұзды

Облыс полицейлері жаяу жүргіншілерді қағып кетуге қатысты жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмысты күшейтті. «Алтын арман» және «Тайга» базарларының маңы, Петропавлдағы басқа да адамдар көп шоғырланған жерлер ерекше бақылауға алынған. Тәжірибе көрсеткендей, дәл сол жерде адамдар белгіленбеген жерден көшені кесіп өтеді және осы маңда олардың өміріне үлкен қауіп төнеді. 7 ай ішінде облыс орталығының аумағында жаяу жүргіншілерді 44 рет қағып кеткен.

Жыл басынан бері облыста дәл осындай 53 жол көлік оқиғасы  тіркелді, салдарынан 2 адам қаза тауып, 52 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Шамамен әрбір төртінші адам жақын келе жатқан көліктің алдында белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп зардап шегіп, 15 жол-көлік оқиғасына жаяу жүргіншілердің өздері кінәлі болды.

— Зардап шеккен 20 жаяу жүргінші – кәмелетке толмағандар.  Сондықтан ересектерден балаларға үлгі болатынын есте сақтауларын сұраймыз, – деді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Құрманғали Ысмағұлов.

Облыс  аумағында 12 тамызда басталған «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін нығайтуға бағытталған. Қаңтар айынан бастап жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 4719 жаяу жүргінші мен жаяу жүргіншіге жол бермеген 619 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Велошабандоз Алексей Луценко шетелдік клубпен келісімшарт жасасты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *