СҚО-да 37 мың бала тегін тамақтанады
Өткен жылдан бері өңірдің бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Биыл 37 мың оқушыға мектеп асханаларында тегін ыстық тамақ беріледі. Ол үшін 3,8 млрд. теңге қарастырылған.
Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Протопопова балалардың тамақтану сапасын бақылау аясында мектептерде бракераждық комиссиялар құрылғанын айтты. Сонымен қатар барлық аудандарда ведомствоаралық сараптамалық топтар жұмыс істейді. Олардың құрамына ата-аналар, қоғамының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. Былтыр топ мүшелері 2 мыңға жуық тексеріс жүргізген. «Тамақтану сапасын арттыру мақсатында мектеп асханаларын жаңғырту, асхана блоктарында бейнебақылау орнату жүргізілуде. Биыл ол үшін 424,3 миллион теңге бөлінді», – деді Татьяна Протопопова.
Брифингте оқушыларды оқулықпен қамту туралы айтылды. Биылғы жылы кітаптарды сатып алу мен жеткізуге 889,9 млн. теңге бөлінген. Оның 165 млн. теңгесіне әдеби оқулықтар сатып алынған. Ал 27,2 млн. теңгесі кітаптарды жеткізуге жұмсалмақ.
— Баспаханалармен 155 келісім жасалды. Оның аясында 292559 дана оқулық алынады. Қазіргі кезде оқулықтарды жеткізу басталды. Оқу жылының басына дейін барлық кітап әкелінеді. 12-ші тамыздан балаларға оқулықтар таратылып жатыр», – деді спикер.
Сондай-ақ брифингте мектептердің материалдық-техникалық жағдайы да баяндалды. Оны жаңарту үшін биыл 6,4 млрд. теңге бөлінген. Бұл сома былтырғымен салыстырғанда 1 млрд. теңгеге көп. Қомақты қаржыға 47 пәндік кабинеті, 1 STEM-зертхана, 1 робототехника кабинеті сатып алып, 38 ауыл меткептерінде жаңғырту жұмыстары жүргізіліпті.
Ерекше тауарларға бақылау заңнамасын сақтамағандар жауапкершілікке тартылады