СҚО полицейлері лагерьде демалып жүрген балалармен кездесті
Петропавл қаласы полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесі балаларды сауықтыру лагерьлердегі жас демалушылармен кездесті. Тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігі, нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу, қорқытып алушылықтың алдын алу, денсаулыққа зиян келтіруге жол бермеу, ұрлық және жыныстық қол сұғылмаушылық өзекті тақырыптарын көтерді.
“Березка” және “Достық” лагерлеріндегі балалардың алдында қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкері, инспектор-кинолог, сондай-ақ ювеналды полицияның басшылығы мен инспекторлары сөз сөйледі. Балаларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс түнгі серуендеу үшін жауапкершілік туралы ескертілді. Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығының қызметтік-іздестіру иті есірткі заттарын іздестіру бағытындағы жедел-іздестіру іс-шараларының үзіндісін көрсетіп, балалардың қошеметіне бөленді.
– Біз балаларға қандай да бір құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы еске салдық. Ұдайы жинақы болып, кішіге ұқыпты, үлкендерге құрметпен қарап, ересектердің кеңестеріне үнемі құлақ асу керектігін атап өттік. Осындай профилактикалық кездесулерді біз маусым бойы өткізіп келеміз. Полиция қызметкерлері балалардың сауықтыру лагерлерінің аумағында кәмелетке толмағандарды алып жүруді және қоғамдық тәртіпті сақтауды тұрақты негізде жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта лагерьлер аумағында 550 бала демалуда, – деп нақтылады Петропавл қаласының полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Динара Мұқанова.
Оқу жылы қарсаңында полицейлер балалар мен жасөспірімдерді барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Барлық мәселелер туралы ата-аналарға, педагогтарға және полицейлерге дереу хабарлау қажет.